«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУАЛДЫҚ ШТАБЫ АГИТАЦИЯЛЫҚ НАУҚАНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Батыс Қазақстан облысында сайлауалды үгіт-насихат кезеңі аяқталды. Осыған орай «Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, науқанның соңғы күні онлайн форматта қорытынды жиын өткізді.

Тікелей онлайн байланыс арқылы облыстың әр қаласы мен ауданындағы штаб өкілдері бір арнаға тоғысып, атқарылған жұмыстарды саралады. Кездесу барысында сайлауалды науқанның барысы, ұйымдастыру жұмыстары, тұрғындармен кездесулер мен ақпараттық-түсіндіру шараларының нәтижелері сөз болды.

*Сайлауалды науқан барысында облыс көлемінде 6 900-ге жуық іс-шара өткізіліп, 255 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Тұрғындарға 25 мың дана үгіт-насихат материалы таратылып, халықпен кездесулер мен ашық диалог алаңдарында 400-ге жуық талап-тілек, ұсыныс пен өтініш жинақталды.* Бұл көрсеткіштер науқанның ауқымын және партия өкілдерінің тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға бағытталған жұмысының нәтижесін көрсетеді.

Облыстық сайлауалды штабтың төрағасы Бауыржан Оңталапұлы жиналғандарға арнап қорытынды сөз сөйлеп, маңызды кезеңнің аяқталуымен штаб мүшелерін, партия белсенділерін, волонтерлерді және науқанға атсалысқан барша азаматтарды құттықтады.

Ол науқан барысында қалыптасқан командалық бірлікті, әрбір қатысушының жауапкершілігі мен белсенділігін атап өтіп, ортақ мақсат жолында жұмыла еңбек еткен азаматтарға алғыс білдірді. Әр өңірде жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының жүйелі ұйымдастырылуы, тұрғындармен ашық диалог орнату және партия бағдарламасын кеңінен таныстыру жолындағы еңбектің маңызын ерекше атап өтті.

«Бұл науқан – бір адамның немесе бір штабтың ғана жұмысы емес. Оның артында әр өңірде еңбек еткен азаматтардың, белсенділердің, волонтерлердің және бізге қолдау білдірген жандардың ортақ еңбегі тұр. Баршаңызға жауапкершілікпен атқарған жұмыстарыңыз, табандылықтарыңыз бен ұйымшылдықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді Бауыржан Бектұрған.

Осылайша, облыстық сайлауалды штабтың жұмысы қорытындыланып, үгіт-насихат науқанының ұйымдастыру кезеңі аяқталды. Науқан барысында қалыптасқан бірлік, жинақталған тәжірибе мен азаматтардан түскен ұсыныстар алдағы жұмысқа негіз болмақ.

Ортақ іске жұмылған команданың еңбегі жоғары бағаланып, әрбір қатысушыға алғыс айтылды!

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *