«Академ Строй» жауапк
ершілігі шектеулі серіктестігі 2016 жылғы 27 желтоқсанда Орал қаласында құрылды. Бастапқыда кәсіпорын құрылыс саласында көпсалалы қызметпен айналысуға бағытталды, металлоконструкцияларды салуға, сондай-ақ технологиялық, суық сақтау және климаттық жабдықтарды жеткізу мен жөндеуге мамандандырылды. Құрылыс саласындағы қызметін бастаған сәттен бастап, «Академ Строй» өңірдің құрылыс саласына сапалы шешімдер ұсыну арқылы жайлы микроклимат жасауға елеулі үлес қосуды мақсат етті.
Кәсіпорын желдету және ауа арналарын өндіруге кірісіп, бұл оған нарықта мықты орнын иеленуге мүмкіндік берді. Жылдар бойы «Академ Строй» жеке пәтерлер мен үйлерден бастап ірі өндірістік кәсіпорындарға дейінгі кең ауқымды жобаларды сәтті жүзеге асырды. Кәсіпорын адамдар үшін жайлы жағдайлар мен жабдықтардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған күрделі мәселелерді шешуге маманданған.
Алайда, басқа да көптеген шағын және орта кәсіпорындар сияқты, «Академ Строй» да табысқа жету жолында бірқатар қиындықтарға тап болды, оның ішінде өндірісті кеңейту мен модернизациялау үшін қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі, сондай-ақ инновациялық технологияларды енгізу мен бизнес процестерін жетілдіру қажеттілігі туындады. Осы кезеңде кәсіпорын кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауына жүгінді.
Қордың қолдауымен кәсіпорын мемлекеттік қолдауды пайдаланып, «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы «Біріңғай кешенді бағдарлама» бойынша субсидиялар мен «Даму» қорының кепілдіктерін пайдалана отырып, айналым қаражатын толықтыруға несие алды. Алғашқы пайыздық ставка 19,75%-ды құраған болатын, кейіннен «Даму» қорының субсидиясы арқасында ставка 11,75%-ға төмендеді, ал соңғы қарыз алушыға ұсынылған пайыздық ставка 8%-ды құрады. Бұл инвестициялар кәсіпорынға өндірістік қуатын едәуір арттыруға, шығарылатын өнімнің сапасын жақсартуға және тапсырыстарды орындау мерзімін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. «Академ Строй» қорының қолдауымен ауқымды жобаларды жүзеге асырып, нысандарды модернизациялауды және жаңа бизнес бағыттарын дамытуда үлкен жетістіктерге жетті. Кәсіпорын инновациялық технологияларды енгізуге және өнімнің сапасын жақсартуға ерекше назар аударды, бұл оның желдету жүйелері мен климаттық жабдықтар нарығында жетекші орын алуға мүмкіндік берді.

«Академ Строй» кәсіпорынның табысты тарихы — мемлекеттік қорлардың қолдауы мен кәсіпкерлік рухы арқылы барлық қиындықтарды жеңіп, елеулі нәтижелерге жетудің жарқын мысалы. Кәсіпорын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен болашақта амбициялық жоспарларын жүзеге асырып, жаңа технологияларды енгізіп, жұмыс сапасын арттыруды жалғастыратынына сенімді.
Мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, К.Аманжолов көшесі, 98 үй
Тел.: + 7 708 434 36 90
сайт: akademstroy.kz
