Бүгінде 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Орал қалалық мәслихатының №11,16, 23 бірмандаттық сайлау округтері бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына өтетін сайлауға дайындық жұмыстары толыққанды жүргізілуде.Сайлау өткізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сайлау өткізілетін үш округтің құрамына 149 мүше жұмыс жасайтын 19 учаскелік сайлау комиссия кіреді. Аталған сайлауға 33 730 қала тұрғыны қатысып, өз таңдауларын жасайтын болады. Округтік сайлау комиссиялары 11 қазаннан, учаскелік сайлау комиссиялары 20 қарашадан бастап өз қызметтеріне кірісті. Әр округке үміткер ретінде үш үштен тоғыз кандидат тіркелген.
Осы аралықта Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен орынбасарларын, хатшыларын бірнеше рет жинап, оқу-семинарларын ұйымдастырды.
Қараша айының 4-5 күндері сайлауға қатысы бар барлық комиссия мүшелерінен емтихан алынып, «ҚР сайлау туралы» заңын қаншалықты білетіндіктері пысықталды.
Аталған округтерде тұратын сайлаушыларға шақыру билеттері таратылып, халықты ақпараттандыру мақсатында плакаттар мен хабарламалар ілінді.
Бір сөзбен айтқанда жауапты сайлау комиссиялары саяси науқанға толықтай дайын.
Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы