Сенатор Арман Өтеғұлов астық нарығындағы проблемалар туралы айтты

Қазақстан ұн мен макарон, яғни астық өнімдерінің орнына астықтың өзін көбірек экспорттап отыр. Ал көрші елдер қазақстандық астықты қайта өңдеп, оны халықаралық нарыққа жеткізуде. Бұл істі отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер де жасай алар еді. Сенатор Арман Өтеғұлов өзінің депутаттық сауалында астық өңдеушілердің проблемалары туралы айтты.

«Ұн экспорты бойынша Өзбекстан көшбасшыға айналып, жыл сайын бір миллион тоннаға дейін қазақстандық бидайды өңдеп, Ауғанстан нарығына ұсынуда. Биыл Өзбекстанға экспортталған бидай  1,3 млн тонна астық жөнелтілген. Қазіргі уақытта елдегі 250-ге жуық астықты өңдейтін кәсіпорындардың тек 70 ғана тұрақты жұмыс жасап отыр. Тәуелсіздік алған жылдары бұл кәсіпорындардың саны шамамен  2 мың  болған, бүгінде 1750 астық өңдейтін кәсіпорын жабылып  70 мыңдай адам жұмыс орнынан айырылды. Ақсап тұрған бұл сала мемлекеттің мүддесіне және диханшылардың экономикалық жағдайына  кері әсерін тиігізуде», — деді Арман Өтеғұлов.

Сенатор сонымен қатар Қазақстанның импорттық тұқымдарға тәуелділігіне алаңдаушылық білдірді. тұқымға деген тәуелділік импортқа байланған, Қазақстанда элиталық тұқымдардың үлесі – 7,1%. Сондай-ақ, елімізде бидай тұқымының 40% шеттен келеді. Бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты 12 ғылыми-зерттеу институты  және  элиталық 17 тұқым өндіруші шаруашылықтар жұмыс жасайды. Алайда осы иниституттар  зерттеулерінің оң нәтижесі байқалар емес. Импорттық тұқымға деген сұраныстың азайғаны немесе елдегі өндірушілердің өнімінің молайғаны туралы дерек жоқ.

«Елдің азық-түлік қауіпсіздігін және ауылшаруашылығы өндірушілерінің көрші елдермен бәсеке қабілетті болуын қамтамасыз ету бағытында нақты жобаларды іске асыруды ұсынып отырмыз. Элиталық шетелдің тұқымына деген тәуелділікті жою мақсатында арнайы бағдарлама әзірлеу керек. Астықты терең өңдейтін кәсіпорындардың санын арттыру, мемлекет тарапынан қосымша қаржыландыру мәселесі қаралуы тиіс. Кәсіпорындардың өнімдерін экспорттауға қажетті тетіктерді оңтайландыруды және қажет болған жағдайда экспорттық шығындардың бір бөлігін мемлекет тарапынан қаржыландыру туралы нақты шаралар қабылдау керек», — деді сенатор.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *