Ұландық ардагерлер үздіктер қатарында

       Ағымдағы жылдың 7-8 маусым   аралығында Орал қаласында 23 маусым полиция қызметкерлері күніне орай құқықтық тәртіп органдарының ардагерлері арасында волейболдан чемпионат өткізілді.  Ұйымдастырылған бұл сайыстың басты мақсаты,  ардагерлердің дене шынықтыру дайындығы мен спорттық шеберлігің арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Ардагерлер арасында жыл сайын өткізілетін бұл сайысқа биылғы жылыда барлық құқық қорғау органдарының ардагерлері белсенді қатысып, өз командаларының жеңісі үшін барын салған болатын. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды БҚО Полиция департаментінің ардагерлері иеленсе, екінші орыншы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының ардагерлерінен құралған команда қаңжығаларына байлады, ал үшінші орынды Бөрілі аудандық ішкі істер бөлімінің ардагерлерінен құралған команда қанағат тұтты. Атап айтар жайт, турнир жеңімпаздарына кубок, медальдар және бағалы сыйлықтар берілді.

 

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *