БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР «ТАЗА QAZAQSTAN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН БІРГЕ

Мемлекет басшысының «Таза QAZAQSTAN» жалпыұлттық науқаны бастамасын қолдау мақсатында республиканың барлық өңірінде 6 маусымнан бастап «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы бастау алды. «Таза бейсенбі» акциясы «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін, Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болары сөзсіз.

Акция елді мекендер аумағын қоқыстан тазартуға бағытталған. Атап өту керек, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында барлық өңірлерде алдын-ала елді мекендердің ластанған аумақтарының карталары жасалды. Әр бейсенбіде партияластар, белсенділер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері осы аумақтарды қоқыстардан тазартуға шығады. Кейіннен әрбір ластанған учаскеге партияның бастауыш партия ұйымдары мен аудандық филиалдары бекітілетін болады, олар ай сайын бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ урналарды орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен тротуарларды жөндеу сияқты инфрақұрылымды абаттандыру мен дамытуға байланысты мәселелерді шешеді. Үнемі тазалық пен тәртіпті сақтау жобаның барлық қатысушыларының қоршаған ортаға жауапкершілікпен және саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ете отырып, күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналады.

Осылайша, бұл акция ресми және бір реттік емес, тұрақты және жалпыұлттық түрде өтіп тұрады, ал әр аптаның бейсенбісі тазалық күні болады. Бұл акция жаңа экологиялық ойлауды, халықтың экологиялық мәдениеті мен мінез-құлқын құруды, жаңа экологиялық әдеттердің пайда болуын бастауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастыруды және оны сақтаудың маңыздылығын түсінуді қамтиды.

Акцияға Батыс Қазақстан облысы да тыс қалмай, атсалысуда. Бүгін «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Таганиязов, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, партия ардагері Сабыр Самиев, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, партия қызметкерлері, аудандық «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері, бастауыш партия ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты. 150-ден астам акцияға қатысушылар Шыңғырлау аудандық паркті қоқыстан тазартты. Нәтижесінде, 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *