Авторлық құқықты қорғау керек

Зияткерлік меншіктің басқа салалары сияқты авторлық құқық та адам ақыл-ойының туындыларын қорғауды қамтамасыз етеді. Авторлық құқықтың қолданылу аясы әдеби және көркем туындыларға қолданылады. Олардың қатарына жазба туындылары, музыка, суреттер мен мүсіндер, бейнелеу өнерінің туындылары, сондай-ақ компьютерлік бағдарламалар жатады.

Бұл сала «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар нормаларына сай реттеліп отырады.

Контрафактілі өнімді тарату проблемасы ел экономикасына теріс әсер етеді: салықтың түспеуі, нарыққа сапасыз өнім жеткізу және тағы басқалар.

Зияткерлік меншік объектілерін жасаудан гөрі көшіру оңайырақ. Яғни туындыны ойлап шығарудан автордың рұқсатынсыз ұрлық түрде көшіріп шығару оңай. Роман, музыкалық шығарма немесе компьютерлік бағдарлама жасау үшін көптеген айлар, тіпті жылдар қажет болуы мүмкін.

Заманауи технологиялар санаулы секунд ішінде зияткерлік меншік болып табылатын өнімдерді көшіруге және бүкіл әлемге таратуға мүмкіндік береді. Авторлық құқық мұндай өнімдерді оларды жасаушылардың рұқсатынсыз көшіруге және таратуға жол бермей қорғауға арналған.

Дамушы елдер үшін авторлық-құқықты қорғаудың артықшылықтары мәдени және экономикалық сипатта болады. Шынымен де, авторлық құқықтың мәдениетке қатысы бар екенін ұмытпауымыз керек. Барлық дамушы елдер өте үлкен көркемдік әлеуетке ие. Әлемде шығармашылықпен айналыспайтын халық жоқ, бірақ авторлық-құқықты қорғамай, шығармашылықтың көмегімен табыс табу мүмкін емес.

Бүгінде авторлық құқық әдеби және көркем шығармаларды ғана емес сонымен қатар ақпараттық-технологиялық саланы, бейнеойындарды, нақтырақ айтқанда компьютерлік бағдарламалауды қамтиды.

Компьютерлік бағдарламаны, фильмді немесе телевизиялық бағдарламаны жасауға көп қаржы салынуы мүмкін. Бірақ нарықта бір дана пайда болған соң оны кез келген адам көшіре алады. Нәтижесінде пайда табу жолы жоғалады. Бұл жағдайда шетелдік және жергілікті туындыларды қорғауды қамтамасыз ету керек, өйткені елге қаржы ағынын әкелуге мүмкіндік береді.

Бағдарламалар электрондық есептеу машинасы заңмен қорғалған, мысалы, әдеби шығармалар сияқты, және әрқайсысының өз авторлары бар, олар ҚР Заңдарына сүйене отырып, өз құқықтарын сенімді қорғайды.

Авторлық құқық және сабақтас құқықтарды объектілерін заңсыз пайдаланы ҚР Қылмыстық Кодексінің 198-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналарын өткiзу мақсатында иемдену, сақтау, алып өту немесе дайындау не авторлықты иемденiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу осы баптың 1-ші бөлігі бойынша, сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады,

2-ші бөлігі бойынша, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

3-ші бөлігі бойынша, ірі мөлшерде, алдын ала сөз байласқан немесе ірі залал келтірген болса, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4-ші бөлігі бойынша, осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер — үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ишанбергенов Досхан,
БҚO Әділет департаментінің бөлім басшысы .

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *