Мерекелік көңіл күй сыйладық

Наурыз айы — «Ақниет» клубы үшін тағылымды шараларға толы болды.

Соның бірі — алықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Гүл сыйлайық әйелге!» деген атаумен өткенмерекелік кеш. Кеш барысында қызықты сайыстар ұйымдастырылып, әсем  әндер шырқалды.  Шара соңында мерекелік дастархан жайылып, нәзік жандарға шағын сыйлықтар табысталды.

14 наурызда отбасы құндылықтарын насихаттау, арттыру, сақтау мақсатында «Отбасы — алтын қазына!» тақырыбында әңгіме сағаты өткізілді. Онда адам үшін ең жақын әлеуметтік орта — отбасы екендігі, дәстүрлер мен өнегелі мұралардың сақтаушысы болып келетіндігі айтылды. Шараға қатысушылар өз балаларының саналы азамат болып өсуі үшін қандай тәрбие беріп, қандай жағдай жасағандары туралы әңгіме өрбітті.

Ал Ұлыстың ұлы күнінде мереке туралы түсініктерін кеңейту, салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»  атты мерекелік кеш өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандар бір-бірін көтеріңкі, ақжарқын көңілкүйде  қарсы    алды.   Қыдыр ата бата беріп, бұдан әрі жиналған тойшы қауымға     шашу   шашылды. Кеш барысында «Ұлттық ойын — ұлт қазынасы» тақырыбында ұйымдастырылған  әр түрлі ұлттық ойындарға клуб мүшелері үлкен ықыласпен қатысты. Сонымен қатар «Шарғы салу» дәстүрі жасалып, шарғы салынған қызға ақ тілектер тіленді.  Думанды шарамерекелік дастарханға ұласты. Жиналғандар наурыз  көже мен бауырсақтан  дәм  татып, «Қара жорға»  биін биледі.Қарияларымыз   жас балаша  қуанып, мерекелік  бағдарламадан  алған  әдемі әсермен  үйді-үйіне  тарасты.

«Ақниет» клубы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *