Мамандандырылған ХҚО ғимараты аумағына 50 түп терек отырғызды


         Орал қаласының әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысып жүрген жас кәсіпкер Асхат Рамазанов бастаған «Fiesta» дүкенінің ұжымы қаламызда 1000 түп ағаш отырғызу бастамасын көтерген болатын. Осы бастамаға ең алғаш болып «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы қолдау танытты.

«Бүгін «Fiesta» дүкені мен «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлерінің қатысуымен Мамандандырылған ХҚО аумағына 50 түп ағаш отырғызылды. Орал қаласы бұрыннан да «жасыл қала» атанған еді, қаламыздың өсіп-өркендеуіне бей-жай қарай алмайтын белсенді азаматтардың арқасында бұдан да көркейе беретініне сенімдіміз»,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі қаланың шетінен жаңадан салынған ғимарат болғандықтан, айналасында бұрын-соңды ағаш отырғызылмаған болатын. Аталмыш акцияның нәтижесінде халыққа көп жиналатын орын жасыл желекке толып, айнала бұрынғыдан да көрікті бол түсті.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Батыс Қазақстан облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *