Кемел елдің келешегінің тұтқасы – жастардың қолында

Мемлекет «Жастар жылы», «Волонтер жылы» арқылы елдің ертеңі болар жалынды жастардың үніне барынша құлақ салып, олардың таңдауына жол ашуда. Бұл шаралардың негізгі мақсаты – еріктілер қызметін дамыту, қайырымдылықты насихаттау. Бүгінде осы бастаманың негізінде іргелі істер атқарылып жатыр.

Солардың бірі саяси додаларда да қазіргі таңда еріктілік еңбегі үшін қоғамның түйіткілді мәселелерін ашық айтып, ерікті жастардың мәселелерін мінберлерде көтеріп жүрген жаңадан сайланған жас депутат – Мырзахметова Әсел Қажыахметқызы.

Жалпы өңіріміздің белсенділерімен бірге жаңадан сайланған халық қалаулысы 5 жылдан астам бірігіп, қол ұшын созып келеді. Жасотандық белсенділермен бірігіп, бүгінгі таңда «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында 35 көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік қоржындарын табыстаған болатын.

         «Халық алғысына бөлену – белсенді жас, жанашыр адам үшін ең үлкен марапатпен пара-пар. Жалпы бұл салаға келуіме отбасым себепкер болды. Біздің жанұяда бір-бірімізге деген жанашыр, бауырмалдық қасиеттер басты орында болды десем, қателеспеймін. Өткен жылы баршамызға оңай болмағаны анық. Соған қарамастан қазір карантиндік талаптарды бұзып той басқада думан жасаушылардың қатары тыйылар емес. Осындай қиын қыстау заманда әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға ауыр тиіп жатырғандығы баршамызға белгілі. Кестеге сәйкес жүргізілетін партия жанындағы қоғамдық қабылдауға, сонымен қатар күніне жекеме бірнеше мұқтаж отбасылардан өтініштер келіп түсіп жатады. Халыққа бір табан жақын болғандықтан, депутат және ерікті ретінде қолымнан келгенше жәрдем етіп бар көмегімді аямай, көмек қолын созып келемін. Сондықтанда сіздерді де осындай игі бастаманы қолдауға шақырамын. Той-томалаққа, қонақтыққа жұмсалатын қаражатыңызды шын мұқтаж жандардың мұңын өтеп керегіне жұмсасаңыз, міне нағыз азаматтықтың белгісі. Туған жерге деген құрметтің негізін, біз, өзімізден бастауымыз керек деп білемін. Егерде көмек етем деуші қала тұрғындары болса менің байланыс нөміріме хабарласыңыздар отбасылардың тізімін бере аламын, бірлесіп жақсылық жасауға шықарамын, — дейді халық қалаулысы.

        Әселдің жыл басынан бері игі Мүмкіндігі шектеулі ісмер қыз-келіншектердің кәсібін алға жүргізу мақсатында іс машиналарын сатып алуына демеушілік жасап, сонымен қатар Тасқала ауданының осал топтағы 100 оқушыны қысқы демалыстарын тиімді өткізу мақсатында жасотандық еріктілермен бірлесіп қайырымдылық шарасында өткізіп келді.

Жақында ғана елімізде тұңғыш рет «Nur Otan» партиясында Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын «Жас депуттар корпусы» құрылды. Нұротандық жас депутаттардың қатарындағы Асель Қажыахметқызы жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың мүдделерін қорғау үшін күш-жігерлерін біріктіруге ниетті жалынды жастың жұмысына сәттілік тілейміз.

        Батыс Қазақстан облысындағы жасотандықтар ,облыстық және қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтар мен Ассамблея жанындағы еріктілермен қоян қолтық жұмыстар атқарып келе жатырған жас депутаттың игі істері көпке үлгі.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *