Орал қалалық мәслихатының кезекті сессиясы өтеді

Орал қалалық мәслихатының кезекті сессиясы төрағасының шешімі

 №2  2021 жылғы 16 наурыз

Орал қалалық мәслихатының

3-кезекті сессиясын

шақыру туралы  

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 18-баптарына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:  

1. Орал қалалық мәслихатының 3-кезекті сессиясы қалалық әкімдіктің  үлкен мәжіліс залында  2021  жылғы 26 наурыз күні сағат 1100-де келесі күн тәртібімен шақырылсын:

1) Еріктілер бастамаларын дамытудағы жергілікті атқарушы орган мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеті туралы, сондай-ақ Орал қаласындағы азаматтық қоғам институттарының бастамалары (еріктілер мен қоғамдық бірлестіктердің жұмысы туралы).

2) «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы.

3) Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы  №56-3 «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4) Басқа да мәселелер.

2.Орал қалалық мәслихатының аппаратына 3-кезекті сессияны дайындау мен өткізу бойынша барлық қажетті ұйымдастыру-техникалық шараларын қамтамасыз ету тапсырылсын.

           Сессия төрағасы                                                  В.Крылов 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *