Оралда мейрамхана ғимараты балалар шығармашылығы орталығына айналды

Бұл тікелей облыс әкімі Ғали Есқалиевтің мейрамхана, дәмхана иелеріне мемлекет тарапынан көмек ұйымдастырылатындағы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырмасына сай жүзеге асуда. Пандемия салдарынан кәсібін тоқтатақан мейрамхана иелері енді жаңа кәсіпке бет бұрып жатыр.

Осы мақсатта  Зашаған кентіндегі «Той сарайы» мейрамханасы қызмет бағытын өзгертіп, әлеуметтік нысан ретінде қайта жасақталды. Орал қалалық білім беру бөлімінің мектептен тыс жұмыс орталығына қарасты жаңадан ашлыған «Шабыт» шығармашылық орталығында балаларды қосымша біліммен қамтуға бағытталған 14 үйірме бар. Бүгінгі күні орталықта вокал, би, домбыра,тоғызқұмалақ, қолөнер, шахмат, дойбы, арқан есу,құммен сурет салу, кондитерлік тағамдар дайындау, бейнелеу өнері, балаларға арналған шағын және медиа орталықтары өз жұмысын бастады.

Балаларды қосымша біліммен қамтамасыз етіп, олардың қызығушылығын арттыру мақсатында ашылған жаңа нысанның салтанатты рәсімінде болған қала әкімі Абат Шыныбеков зашағандықтарды құттықтап, жаңа орталық жұмысына сәттілік тіледі.

Біз бүгін керемет бастамаға куә болып тұрмыз. Өздеріңізге белгілі 2020 жылы бүкіл әлемді шарпыған коронавирус індеті адамзат өмірінде ерекше орын алғаны сөзсіз. Пандемия экономиканың әртүрлі салаларына қиындық келтірді. Көптеген кәсіпкерлік нысандар жұмысы тұралап қалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен, экономиканың барлық саласын дамыту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Ең бастысы – азаматтардың әл-ауқатын арттыруға арналған шаралар. Сол басты бағыттардың бірі – балаларымызға сапалы білім,саналы тәрбие беру. Зашаған кентінде балаларға арналған орталық ашу көптен ойда болды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойының бастауын балаларға арнап бастап жатырмыз. Мемлекеттің кәсіпкерлерді нақты қолдауының нәтижесінде балаларға қуаныш сыйлап, шат күлкісін көріп отырмыз, – деді Абат Абайұлы.

Мейрамхана 2017 жылы жұмысын бастаған болатын. Індетке байланысты былтыр наурыз айында жұмысты тоқтаттық. Мемлекеттік порталдан орталыққа ғимарат іздегені жайлы ақпаратты көзім шалды. Содан кейін мейрамхананы мемлекетке жалға беру үшін конкурсқа қатыстым. Мейрамханаға ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еттім. Ғимараттың қаңырап бос тұрғанынан, ел игілігіне пайдаға асқаны мен үшін маңызды, — дейді мейрамхана иесі Нұржан Әбдірахманов.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, қазіргі таңда Орал қаласында 52 мыңнан аса оқушы бар. Бұған дейін қаладағы алты білім беру мекемесінде 13 мың оқушы қосымша біліммен қамтылған болатын.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *