Ақжайықта жеті бағыт бойынша жиын өтті

Ақжайық төрінде  «Орал» орталық мешітінде ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Мұхтарханұлының ұйымдастыруымен қала, аудан имамдарының жиыны өтті.

Басқосуға аудан имамдары онлайн және қала имамдары қатысты. Жиында ҚМДБ ның төралқа мәжілісінде қаралған тапсырмалар имамдарға таныстырылды.

Діни басқарма бекіткен 7 бағыттағы  ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие ихсан ілімі,дін мен дәстүр, жат ағымдармен жұмыс жайын бас имам  Мұратбек Қыстаубаев аудан, қала имамдарына тапсырды.

 Облыс бойынша 2021 жылы атқарылатын іс-шараларды бекітіліп, негізгі бағыты жоспарға енгізілді. Мұратбек Мұхтарханұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти хазіреттің бастамасымен құрылған Қамқор-Шарапат салттық қызмет көрсету орталығы қызметі, рухани тәрбие ихсан ілімі жұмысын таныстырып, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру туралы арнаулы тапсырма берді. 

Сондай-ақ биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жұмыс жоспары бекітілді. ҚМДБ тапсырмаларын уақытылы орындау, айлық есептерге жауапкершілікпен қарау керектігі айтылды. Барлық бағыт бойынша атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізілетіні ескертілді.        

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *