«Бір сіріңке – бір өмір» акциясы жалғасуда

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы аумағында ағымдағы жылы күні бүгінге дейін 17 өрт оқиғасы орын алды. Олардың ең көбі — тұрғын үй секторында болған. Өрттің шығу себебі адамдардың абайсыздығы мен өрт қауіпсіздік ережелері талаптарын сақтамау және балалардың ойынынан болады.

Жоғарыда көрсетілген фактілерді қатерге ала отырып, «Бір сірінке – бір өмір» акциясы аясында Жәнібек ауданы төтенше жағдайлар бөлімі, № 21 ӨСБ қызметкерлері, Көкшетау техникалық институтының курсанты аудандық білім беру бөлімімен бірлесіп, аудан аумағында қыс кезінде тұрғын үй секторында адамдардың өрттен және тұншықтырғыш газдан қаза болуы мен жарақаттану оқиғаларын алдын алу мақсатында үгіт-насихат шараларын өткізуде. Аталған шара барысында бөлім қызметкерлері аудан аумағындағы мектеп директорларымен онлайн режимде сабақтар өткізуде. Аталған сабақтарда келесі мәселелер қаралуда: тұрғын үйде өрт және улы газдан улану, қыс мезгілінде қауіпсіздік және т.б.

smart

Сонымен қатар, аталған шара тек онлайн сабақтармен шектелмей, бөлім қызметкерлері аудандағы мектептерге барып, балалар арасында дәрістер мен викториналар өткізіп жадынамалар таратты.

Аталған дәрістер мен викториналарда мектеп оқушыларына тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, өрт кезінде алғашқы іс-қимыл, күнделікті электр аспаптарын қолдану тәртібі, газбен уланған кезде алғашқы медициналық көмек т.б. түсіндірілуде.

Айта кету керек, осы жоғарыда көрсетілген шаралар еліміздегі карантин режимін ескере отырып, санитарлық нормаларды сақтап өткізіледі.

Аталған шаралар одан әрі жалғасын табады.


Д. Сарсенов ,

Жәнібек ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты қ/қ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *