Бір ай бойы ұрлықпен айналысқан күдікті ұсталды

2020 жылдың 11 қазанында Орал қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері 10 эпизодпен тіркелген ұрлық фактісін ашты.

Нақтырақ айтсақ сақшылар 1984 жылы туған, бұған дейін де ұрлық пен алаяқтыққа қатысты қылмыстарға бірнеше мәрте жол беріп, сотталған, еш жерде жұмыс жасамайтын, Қазталов ауданының тумасын құрықтады. Ол 1 қыркүйектен бастап ұрлық әрекеттерін жүзеге асырып, 10 тұлғаның ұялы телефонын, телевизор және жеке құжаттарды ұрлаған. Мысалы: 14 қыркүйекте корпусы көк түсті «Хуавей» маркалы ұялы телефонды ұрлап, 1969 жылы туған А. есімді азаматқа 80 мың теңге материалдық шығын келтірген.
Жедел уәкілдер күдіктіні кезекті ұрлық барысында құрықтап, қалтасынан ұялы телефонды тәркіледі. Телефон өз иесіне қайтарылды.
Бүгінгі күні Орал қалалық ПБ тергеу бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабына сай қылмыстық іс қозғады. 10 эпизодты қылмыстық іс тергеу бөлімінін өндірісінде тергелуде.

Гүламан Исмағұлова,
Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз хатшысы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *