Бір апта ішінде 9 той өткізу фактісі анықталды

Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің тыйым салынғанына қарамастан, облысымызда той, салтанатты мереке, туған күн секілді шараларды ұйымдастыру фактілері әлі де тіркелуде. 2020 жылдың 15-22 шілде аралығында облысымызда 20-50 шақты адамның қатысуымен 9 той өткізілген. Бұл туралы облыстық СЭС баспасөз қызметі хабарлады.

Мониторинг тобымен Теректі ауданының Федоровка және Абай ауылдарында,  Жәнібек ауданының Борсы және Жәнібек ауылдарында, Қаратөбе ауданының Қаратөбе және Саралжын ауылдарында, Жаңақала ауданының Бірлік ауылында, Казталов ауданының Казталов ауылында және Сырым ауданының Жымпиты ауылында карантин кезінде той өткізілгені анықталды. Анықталған жайлар бойынша ӘҚБтК 425-бабының 1 бөлігі бойынша жеке тұлғаларға әкімшілік хаттама толтырылып, 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Тұрғындардан карантин талаптарын сақтап, көпшілік шараларды ұйымдастырмауға шақырамыз. Тек санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып қана індетті жеңе аламыз. Өзіміз бен өзіміздің жақындарымыздың денсаулығын сақтайық! 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *