Huawei қалта принтерін жасап шығарды

Көлемі Powerbank-тікіндей Huawei принтері сымсыз, картриджсіз жұмыс істейді. 

Pocket Photo Printer атты бұл фотопринтер смартфондағы суретті жедел басып шығара алады. Гаджет орнатылмалы аккумулятормен жұмыс істейді және смартфонмен Bluetooth арқылы байланысады.

Баспа Zink жылу технологиясымен сиясыз жасалады және ешқандай картридждің қажеті жоқ. Тек арнайы қағазды қолдану керек. Принтер жаймасына 5×7,6 сантиметрлік он қағаз сыяды. Принтердің өзінің көлемі – 12×8×2,2 см, ал салмағы – 195 грамм. Фотоны тікелей галереядан Huawei Share функциясы арқылы басып шығаруға болады. Түрлі фильтр, жиектеме, коллаж қолдануға болады.

Құрылғы сондай-ақ визит картасын, шағын құжаттарды да қағазға шығара алады. Сағатына 500 мА қуаттылықпен жұмыс істейтін аккумулятор 23 рет сурет басып шығаруға мүмкіндік береді.

Дерек көзі: Massaget.kz

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *