ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЛАУАЗЫМЫНА ПРЕЗИДЕНТТІК КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ӨКІЛІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


2020 жылдың 4 ақпанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігі аппарат басшысының бұйрығымен Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымына Президенттік жастар кадр резервінің өкілі Мұқанов Сәбит Сейітқалиұлы тағайындалды.

Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев Сәбит Сейітқалиұлын ұжыммен таныстырып, жаңа лауазымына сәттілік тіледі.


Сәбит Сейітқалиұлы 1988 жылы Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданында туылған, білімі жоғары. 2008 жылы Ақтөбе политехникалық колледжін «Теник-бағдарламашы» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, 2013 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Бағалау» мамандығы бойынша бітірген.


Еңбек жолын 2008 жылы «Азимут консалтинг групп» ЖШС маман болып бастап, онда 2016 жылға дейін қызмет атқарған. 2016 – 2019 жылдары Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданының кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы лауазымында қызмет атқарған.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *