«Keńes ortalyǵy» тегін қызмет көрсетеді

Бүгін «Московский» базарында тегін кеңес беру орталығы ашылып, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берілді.

Қазіргі таңда көпшілік  қажетті құжаттар немесе шешімі оңай мәселерді  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мен «Халықты жұмыспен қамту орталығы», тұрғын үйге қатысты мәліметтерді арнайы мекемелерден барып, кеңес алуына уақыттары болмай жатады.

Сондықтан енді тұрғындар күнделікті шаруаларымен сауда орындарында, базарда сауда жасап жүріп, ақпарат алуына мүмкіндік алды. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы жанындағы  «Jas Otan» ЖҚ қолдауымен «Keńes  ortalyǵy» консалтинг орталығының ашылды. «Московский» базарының екінші қабатында орналасқан кеңес беру орталығының алғашқы күнінде қала тұрғындары тегін кеңес алып, көкейтесті сұрақтарына жауап алды.

Жолдауда басымдылық берілген «Нұрлы жер», «Цифрлық Қазақстан» басқа да мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттар түсіндірілді. Орталық қоғамға қажетті мамандарды шақыртып, аптасына 4 мәрте қызмет көрсетеді. Ендеше шаһар тұрғындарын аптаның сейсенбісінен бастап жұмаға дейін  сағат 11.00-16:00 аралығында  кеңес орталығынан ақпарат алуға шақырамыз!

Мұндай орталықтың жиі ашылуы тиімді екенін айтады қала түрғыны Әлия Маратқызы:

Бүгін  жеке шаруаларыммен базарға келген едім, сауда жасап жүріп ашық қызмет көрсетіп отырған жастарды көрдім. Жаныма келіп орталықтарына шақырып, қызметтерін түсіндірді. Көптен зейнетақы туралы анықтама алуға «халыққа қызмет көрсету » орталығына баруға уақыт таппай жүр едім, бүгін сол анықтамамды алып шаруаларым жайғасып қалды, – дейді  зейнеткер-ұстаз.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *