Көліктегі қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды

Жаңа жылдан бастап қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жаза қатаңдатылды.

Қылмыстық кодекстің 346-бабында көрсетілген көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны үшін жауаптылық күшейтілді.

Абайсызда көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыс жайларын және өзге де құрылыс жайларды не өзге мүлікті бүлдіруге, сол сияқты адамның денсаулығына жеңіл зиян келтiруге алып келген әрекеттері үшін өмір бойы көлік басқару құқығынан айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келген дәл сол іс-әрекеттері үшін бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген іс-әрекеттері үшін алты жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Алайда, аталған әрекеттері үшін қатаң жауаптылық көзделгенімен, қоғамға және жол – көлік қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіре отырып, кейбір азаматтар мас күйде көлік басқаруын жалғастыруда.

2020 жылдың 22 қаңтарында Ақсай қаласының тұрғыны, бұрын сотталмаған,  К. есімді азамат, көлік басқару құқығынан айырылған, мас күйде бола тұра, көлікті заңсыз басқара отырып, қоршауға түйісіп, көлікке зақым келтірді.

Әрекеттің ауырлығына байланысты, құқық бұзушы полиция қызметкерлерімен ұсталып, Бөрлі ауданы прокуратурасымен тергеушінің өтінішхаты қолдау тауып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру  барысында сотпен «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қазіргі уақытта құқық бұзушы, жұмыссыз, отбасысыз Орал қаласындағы тергеу изоляторында отыр.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабында көрсетілген жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін жаза қатаңдатылды.

Жаңа жылдан бастап баламалы жаза түрі көзделмеген, яғни бұл әрекеті үшін он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта мас күйде көлік басқаруға бел буған Ақсай қаласының 4 тұрғыны, осы бапқа сәйкес жауаптылыққа тартылып, ұзақ мерзімге көлік басқару құқығынан, жұмысынан айырылды.

Осыған байланысты Бөрлі ауданының прокуратурасы азаматтарға көлікпен байланысты құқық бұзушылықтары үшін жазаның қатаңдатылғанын ақпараттандыра отырып, бұл әрекеттің азаматтың өзіне оның отбасына келтірілетін қиын зардаптарын естен шығармауға шақырады.

Н. С. Мақатов,

Бөрлі ауданының прокуроры

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *