Қыстағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бас  маманыазаматтық қорғау капитаны Н.Мусиев облыс мектептері оқушыларының қатысуымен онлайн режимде «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында интерактивтік сабақ өткізді.

2020 жылдың  24 қаңтар күні өткен сабақта облысымыздың 18 білім мекемесінің 1060 оқушысы қамтылды. Интерактивтік сабақта қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын сақтау ережелері слайдтық материалдар арқылы түсіндірілді.

Аталған тақырыптағы сабақты төтенше жағдай қызметкерлері жыл сайын жоспарға сәйкес өткізіп келеді. Мұнымен қоса, мектеп оқушыларына таныстыру және насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты жөнінде айтылды. Сабақ соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға кәсіби тұрғыдан жауап берілді.

БҚО ТЖД ЗҚА және АҚСББ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *