Мешітте өткен кездесу

ҚМДБ-ның Батыс облысы бойынша бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев өңір имамдарымен және дін мамандарымен кездесті.

Облыстық орталық мешітте өткен кездесуде бас имам Мұратбек Мұхтарханұлы имамдар мен дін мамандарын  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының отыз жылдық мерейтойымен құттықтай келе, мешітке байланған жүрек, білім алу тақырыптарында уағыз айтып, игі істің басы-қасында жүрген жанашыр азаматтарға алғысын жеткізді.

Жиын барысында сөз алған облыстық дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманқұлов: – Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде діннің рөлі айтарлықтай өсіп, азаматтардың, әсіресе жастардың дінге бетбұрысы, қоғамдағы белсенділігі артып келеді. Осы орайда еліміздегі мұсылман жамағатының ынтымақ бірлігін сақтауда және рухани құндылықты дәріптеуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы орасан зор қызмет атқарды, – деді.

Кездесуде  соңында Орал орталық мешітінің жылдық жоспары бекітіліп, дін басқармасымен екіжақты пікір алмасу өтті. Имамдар дін саласы мамандарына өз сауалдарын жолдап, өзара ортақ шешімге келді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,

ҚМДБ БҚО өкілдігінің баспасөз қызметкері

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *