Пиротехника – қауіпті ермек

Кеше Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «AQJAIYQ» телеарнасында мереке қарсаңындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында пиротехникалық өнімдерді қолдануға қатысты сұрақтарға жауап берді.

 Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының қызметкерлері Мұрат Бисембаев пен Нұралы Мусиев «AQJAIYQ» телеарнасында «Время Вашего вопроса» бағдарламасына қатысып, мереке қарсаңындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында пиротехникалық өнімдерді қолдануға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Бағдарлама барысында пиротехникалық өнімдерді қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау, сондай-ақ тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ТЖ департаментінің қызметкерлері жаңа жылдық іс-шараларды өткізу орындарына комиссиялық тексеру жүргізгенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінің айтуынша, мектептерде пиротехникалық өнімдерді қолдану ережелері, оларды қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша сабақтар өткізілген.

 

БҚО ТЖД ЗҚА және АҚСББ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *