Жауынгер жерлестерге  құрмет

Биыл Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына — 30 жыл.

Осы атаулы датаға орай Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында мерекелік шара өтті.
Олар майдан даласында Ауғанның отты жалынын кешіп, жанқиярлықпен шайқасты.
Шараға қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Амангелді Қаленов, Ресей Федерациясының Орал қаласындағы бас консулы Андрей Батманов және ауған соғысы ардагерлері қатысты. Ауған  соғысына қатысқан 20 жауынгер-интернационалисті облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Амангелді Кенешбайұлы мерейтойлық медальдармен марапаттады. Аталмыш шарада 5517 әскери бөлімінің оркестрі және қаламызға танымал  өнерпаздар мерекелік тарту ұсынды.

Гүлзинат Қибатова

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *