Астаналық дәрігерлерден – тегін кеңес

Алдағы 22-23 ақпан күндері Орал қаласында Президент іс басқармасы клиникасының дәрігерлері тегін қабылдау жүргізетін болады. Бұл туралы ҚР Президенті іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасының сайтында жарияланды.

Елордалық дәрігерлердің бұл қабылдауы аталмыш емдеу мекемесінің  дәстүрлі «Менің сүйікті дәрігерім» акциясы аясында ұйымдастырылмақ. Қабылдауға келушілерге төмендегі мамандар қызмет көрсетеді:

Талғат Жакиев — кардиохирург
Ринат Камиев — аритмолог
Нұрлан Елубаев — ангиохирург
Жәнібек Иманжанов — хирург
Асқар Баймұхаметов — травматолог

Дәрігерлердің қабылдауына тұрғындар мына дәрігерлік құжаттарды өзімен бірге ала баруы тиіс:
1) Кардиохирургқа — ЭКГ, ЭхоКГ, ангиография болған жағдайда, МРТ, КТ диск міндетті.
2) Аритмологқа — ЭКГ, ХМ ЭКГ, ЭхоКГ
3) Ангиохирургқа — қан тамырларының ультрадыбыстық допплерографиясы, ангиография болған жағдайда диск міндетті

Ангиохирург, хирург, травматолог мамандарының қабылдауы Третий строительный переулок көшесі, 6/1 мекенжайындағы облыстық көпбейінді ауруханада (бұрынғы Диагностикалық аурухана) өтеді.

Кардиохирург и аритмолог дәрігерлер келушілерді Деркөлдегі облыстық кардиологиялық ауруханада қабылдайды.

Кардиохирург және аритмологтың қабылдаулары бойынша — 8 (7112) 21 70 19, ал ангиохирург, хирург және травматологтың қабылдау шаралары жөнінде 8 (7112) 91 80 64 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *