Facebook жаңа қосымшаны іске қосты

Facebook мемдерді жасауға арналған Whale тегін мобильді қосымшасын іске қосты деп хабарлайды BAQ.KZ сайты..

Бұл туралы The Verge хабарлаған. Қазіргі уақытта бағдарлама Канададағы App Store-де ғана қолжетімді.

Whale бағдарламаның коллекциясынан фотосуреттердің немесе суреттердің үстіне мәтін мен эффектілерді қоюға мүмкіндік береді. Facebook, Instagram, Messenger және WhatsApp-та бөлісуге болады.

Қосымшаны New Product Experimentation (NPE) баспасы шығарған. Facebook бұл атауды эксперименталды қосымшаларды іске қосу үшін пайдаланады, деп жазды басылым.

BAQ.KZ сайтынан

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *