Димаш Жапонияда алғаш рет өнер көрсетпек

Димаш Құдайберген Токиода өтетін ABU Song Festival фестивалінің арнайы шақырылған қонағы ретінде өнер көрсетеді. Бұл туралы BAQ.KZ сайтында жарияланды.

Көрермендер халықаралық фестивальдің эксклюзивтік арнайы теленұсқасын 22 қараша күні кешкі сағат 21.40-та «Хабар» телеарнасынан тамашалай алады.

Бұл – қазақ әншісінің Жапония елінде алғаш рет өнер көрсетуі болады. Фестиваль ұйымдастырушылары – құрамына «Хабар» агенттігі кіретін Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы. Телефестиваль – бәсекелестік жарыс алаңы емес. Бұл – Азия-Тынық мұхиты аумағына кіретін мемлекеттердің ең үздік деп таныған әртістерін ұсынатын алаң.

Димаш Құдайбергеннің аудиториясы Қытай, Азия елдерінде өте көп екенін білеміз. Фестивальге сондай-ақ Корея, Жапония, Индонезия, Австралия, Түркия сынды мемлекеттер де қатысады, — деді «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *