Әнелде — қос алтын

Жерлесіміз Әнел Нұрболат Сербияның Белград қаласында каратэдан өткен Әлем кубогінде қос алтынды ел қоржынына салды.

«13th World Championships for seniors and juniors cadets and world cup for children»  атты әлем кубогіне қатысқан жас спортшы каратэнің санбон және иппон кумитэ тармақтары бойынша жеңіске жетіп, көк байрағымызды асқақтатты.

Әнел Асылбекқызы — Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданының тумасы. Қазіргі таңда ол Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 4- сыныбында оқиды. Жастайынан спортқа әуес бұрымдының бұған дейін жеткен жетістіктері көп.  Ол  көп уақытын Тасқала мен Переметное ауылдарында жаттығу жасаумен  өткізеді екен. Жаттықтырушылары — Фархад Жалмурзин мен Ажаргүл Шулахова.

Татами төрінде үздік боп,  көк туымызды көкке көтерген жас спортшымыз Әнел Нұрболатты кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *