Бас мүфти имамдарға тұрақты жалақы тағайындауды ұсынды

Мұндай ұсынысты ҚМДБ бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз елордада өтіп жатқан Қазақстан дінтанушыларының ІХ форумы барысында айтты.

– Қоғамның ағартушы бөлігіне айналып отырған имамдардың тынымсыз еңбегін ескеріп, оларға да әлеуметтік тұрғыдан қолдау жасалса деген ұсынысымыз бар. Әсіресе, жүзге жуық түзеу мекемелерінде жұмыс жасайтын дін қызметкерлеріне. Бұл – адам тағдырына жауапкершілікпен қарап, есеп үшін емес, елдің игілігі үшін қызмет етіп жүрген дін қызметкеріне деген қамқорлық, жұмысына берілген әділ баға болар еді, – деді бас мүфти.

Сонымен қатар бас мүфти елімізде ақсақалдар институты рөлінің маңызын күшейтуді ұсынды. Оның айтуынша, қазақ халқы қашанда қариясының дуалы сөзіне қарсы уәж айтпаған.

– Жастарға «қой» деп қожа бола білетін ақсақалдарымыз жат ағымға кеткен жандарға жөн сілтер еді. Осы бағытта өңірлердегі облыстық мешіттер жанындағы ақсақалдар алқасы мен ауыл, аудандардағы билер кеңесі үлкен құрал бола алады деп ойлаймын, – деді Серікбай қажы Ораз.

BAQ.KZ сайтынан

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *