Халық саны өсті

Жыл басынан бері Қазақстан халқының жалпы саны 174 779 адамға, немесе 0,95%-ға артып, 1 қазанда 18 570 346 адамға жеткен. Бұл туралы Курсив басылымы Ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлаған, — деп жазды BAQ.KZ сайты.

Комитеттің дерекеріне сәйкес, 14 облыстың сегізінде және ел астанасы мен республикалық деңгейдегі екі ірі қалада халық саны артқан.

Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша, Нұр-Сұлтана халқының саны 43 425 адамға немесе 4,03%-ға (оның ішінде, халықтың табиғи өсімі 18 567 адамды құраған) артып, 1 121 809 адамға дейін жеткен.

Осы мерзімде Алматы халқы санының өсімі 42 487 адамды, немесе 2,29%-ды құраған (табиғи өсім – 16 507 адам), 1 қазандағы халық саны – 1 897 143 адам.

Шымкенте халық санының өсімі 19 588 адамды, немесе 1,94% (табиғи өсім – 10 668 адам), 1 қазандағы халық саны – 1 028 674 адам.

Сонымен бірге, Қарағанды облысы халқы санының төмендеуі жалғасуда – тоғыз айда 1 847 адамға азайып, 1 қазандағы жағдай бойынша 1 376 686 адамды құраған, Қостанай облысында – минус 3 234 адам (1 қазанда 869 651 адам болған), Павлодар облысында – минус 779 адам (753 074 адамға дейін), Солтүстік Қазақстан облысында – минус 4 202 адам (550 315 адамға дейін), Шығыс Қазақстан облысында – минус 6 160 (1 қазандағы 1 372 367 адамға дейін), Ақмола облысында – минус 1 423 адам (1 қазандағы 737 164 адамға дейін) азайған.

Солай десекте, Ақтөбе облысындағы халық санының өсімі жалғасын табуда (8 779 адамға) – 878 416 адамға дейін, Алматы облысында (11 972 адамға) –  2 050 906 адамға дейін, Атырау облысында (8 313 адамға) – 642 104 адам, Батыс Қазақстан облысы (3 743 адамға) – 656 068 адам, Жамбыл облысында (3 980 адамға) – 1 129 422 адамға дейін, Қызылорда облысында (7 146 адамға) –  801 480 адамға дейін, Маңғыстау (15 332 адамға) –693 531 адамға дейін, Түркістан обласында (27 659 адамға) – 2 011 626 адамға дейін өскен.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *