Жолаушының өмірі үшін жауапты екеніңді ұмытпа, жүргізуші!

Батыс Қазақстанда жыл басынан бері масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізушілердің қатысуымен 19 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 21 адам жарақаттанып, екі адам қаза болған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Көлік құралын алкогольге немесе есірткіге мас күйінде басқару – заңға қайшы, әрі қоғамға қауіп төңдіретін әрекет. Мас жүргізуші тек өзінің ғана емес, айналадағы адамдардың өміріне де қауіп төндіреді. Мас адамның кесірінен жазықсыз адамдар зардап шегетін жол апаты орын алуы әбден мүмкін. Алайда, көптеген автоәуесқойлар заңнама нормаларын сақтамай, түрлі жағдайларға жол береді.

Жуырда күндізгі уақытта Бөрлі ауданында аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының қызметкерлері  1968 жылы туған  азаматтың басқаруындағы «Hyundai Sonata» маркілі көлігін тоқтатады. Тексеру кезінде көлік жүргізушісінің  «орта дәрежедегі» мас күйде рөлге отырғаны белгілі болады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің  346-бабы 1-бөлімі  (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ал қазанның 19-ы күні таңертең Ақсай қаласында 1986 жылы туған жүргізуші «LadaGranta»  маркілі автокөлігін масаң күйде басқарып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Лада-21114» көлігімен соқтығысады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада-21114» көлігіндегі 69 және 71 жастағы ерлі-зайыптылар оқиға орнында қаза болған. Келесі көліктің жүрізушісі мен екі жолаушысы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілген.

«Сіз мас күйінде көлікке отырған жүргізушілерді көрсеңіз, оған тосқауыл болыңыз және дереу полиция қызметкерлеріне хабарлаңыз. Сіздің уақтылы қаққан дабылыңыз өзгенің өмірін сақтап қалуы әбден мүмкін. Ал жүргізушілер тек өз өмірі үшін ғана емес, жол қозғалысына қатысты басқа да тұлғалардың өміріне жауапты екенін ұмытпағаны жөн» деп ескертеді тәртіп сақшылары.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *