Аралас жекпе-жектен спортшылар олжалы

Жуырда Дағыстан Республикасының Дербент қаласында «Ultimax Fight Night» аралас жекпе-жектен әуесқой споршылар арасында халықаралық турнир өтті.

Халықаралық турнирге он бес мемлекеттің әуесқой споршылары қатысқан. Аталмыш бәсекеде 77 келі салмақта кәсіпқой споршылар арасында чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізген Марат Шерғалиев абсалюттік жеңімпаз атанды.

Спорт жарысында 90 келі салмақ дәрежесі бойынша Артур Шерғалиев – екінші орынға қол жеткізді. Сондай-ақ Әлішер Сейілханов, Исмайл Сәйтенов, Руслан Арыстанов сынды өңір споршылары да жүлделі екінші орынды қанжығаға байлапты.

Гүлзинат Ибрагимқызы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *