«Орал» сауда-сауық орталығында Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен ұлы даланың ән-күйін насихаттауға арналған домбырашылар флешмобы өтті, — деп хабарлайды Оралдағы НЗМ-нің баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған флешмобты еліміздегі барлық зияткерік мектептер бір уақытта өткізді. Бұл күні жалпы саны 1000-нан аса жас домбырашыкүй тартып, өнерлерін ортаға салды. Флешмобта зияткерлік мектептің өнерпаз оқушыларынан құралған «Дарын» ұлт-аспаптар оркестрі Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын»,