«Жолда қабылдау» акциясы жалғасуда

Қаламызда жетінші мәрте өткізіліп жатқан шара  азаматтарды әр сала бойынша құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейді.

Сәуір айында басталған акцияда тәртіп сақшыларының кеңесіне 2600-ден астам тұрғын жүгінген.

­Басты мақсатымыз – халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Акцияға барысында азаматтар құқықтық мәселелер жайында сұрақтармен жүгінеді. Әсіресе, көші-қон мәселесі, әкімшілік айыппұл, жол-көлік оқиғалары бойынша жиі келуде. Әрбір сауалға нақты жауап беріп жатырмыз, ­- деді Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Сүйінбаев.

Серік Қойсарыұлының айтуынша, акция аясында келіп түскен 2600 сауалдың сексен алтысына жазбаша жауап берілген. Ал байланыс телефондары арқылы келген 102 хабарламада жауапсыз қалмаған.

Жалпы облыс бойынша акция бұл күні 250-ге жуық учаскелік полиция пункттері мен «Nur Otan» партиясы ғимараты және халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылдау жүргізді. Сондай-ақ муниципалдық автобустар орталық көшелерде тұрғындарға қызмет көрсетті.

Акция барысында БҚО ПД жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығының орынбасары, полиция полковнигі Манарбек Нәжиев 17 қазан күні болған жол-көлік оқиғасы туралы баяндады.

Көлік апаты 02.50 шамасында Сырым Датов пен Гагарин көшесінің қиылысында орын алған. Жеңіл автокөлікті тізгіндеген жүргізуші өз көлігін басқара алмай,  «Камаз» маркілі ауыр автокөлікке келіп соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде оқиға орнында көз жұмған темір иесі тұлпар иесі -Өзбекстан Республикасының азаматы . Ал оқиға орнындағы «Камаз» көлігі– полиция департаментіне тиесілі эвакуатор машинасы, ол сол мезетте жолда апатқа түскен өзге көлікті тиеп жатқан.Аталмыш эвакуатор жүргізушісі көлік апатынан дене жарақатын алған. Көлік апатына қатысты сот- медицина сараптамасы тағайындалған.

Гүлзинат ҚИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *