Головкин — үздік бестікте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Worldboxingnews әлемдік рейтингінде көтерілді,- деп хабарлайды Prosports.kz сайтына BAQ.KZ  сілтеме жасап.

Рound-for-pound (салмақ санатынан тыс) рейтингінде Геннадий Головкин екі сатыға көтеріліп, бесінші орынға тұрақтады. Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегінде украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF және IBO чемпиондық белбеулерін иемденді.

Рейтингінің көшін украиналық Василий Ломаченко бастаса, екінші орынға Сауль «Канело» Альварес жайғасты. Үздік үштікті америкалық боксшы Эррол Спенс түйіндеді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *