Ерасыл — әлем чемпионы

Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатында жерлесіміз жастар арасында Әлем чемпионы атанды.

Байрақты додада 52 келі салмақ дәрежесінде белдескен Ерасыл Шерниязұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Еске сала кетейік, 2018-2019 жылдары жас спортшы Ерасыл Асқар Шайхиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде осы салмақта жеңіске жеткен болатын. Ал 2017 жылы ол жарыстың арнайы жүлдесін иеленіп, сәйгүлік мінген. Байрақты бәсекелерде аты озып, үнемі жүлделі орындардан көрінетін жерлесімізді кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *