Бердібек Сапарбаев Ақжайық жастарымен жүздесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Батыс Қазақстан облысына іс-сапармен келді.

Қаламызға жұмыс сапарымен келген Бердібек Мәшбекұлы Оқушылар және  және жастар сарайы, Д.Елеусінов атындағы бокс орталығы мен «Bastau» коворкинг алаңының жұмысымен танысты.

Алдымен Д.Елеусінов атындағы бокс орталығына бас сұққан Бердібек Сапарбаев болашақ спортшыларға  жерлес ағалары секілді мықты былғары қолғап шеберлері  атануды тіледі.

Коворкинг орталығында алғаш боп Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сакошев  «07 Live» жастар интернет каналының жұмысы жөнінде таныстырды. Сонымен қатар Бердібек Мәшбекұлы  «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлері» картасы жобасымен танысып, жобаның тиімді екенін мақұлдады.

Одан әрі Премьер-министр орынбасары өңірімізде «Zhas project»  жобасының қалай жүзеге асып жатқанын назарға алды. Айта кетейік, облыс бойынша атылмыш жобаның 229 грант иегері болса, қазір таңда  оның 217-і өз кәсібін бастаған.

Іс-сапар барысында Бердібек Мәшбекұлы Ақжайық жастарымен жүздесті. Жалынды жастар Бердібек Сапарбаевқа толғандырып жүрген сауалдарын қойды.  Мұса Кунеев еріктілер атынан шәкіртақы  тағайындау,  ауыл мен қала волонтерлерін байланыстыратын ортақ сайттың жасалуы жөніндегі ұсынысын жолдады.

Аса ыждағаттылықпен тыңдаған Премьер-Министрдің орынбасары жастарға қатысты сұрақтарға нақты жауаптар қайтарды.Сондай-ақ «Жастар жылы» аясында үлкен сенімге ие жас буынға жан-жақты дамумен қатар, тәртіпті қолға алуды баса айтты.Жүздесу белсенді жастардың Бердібек Мәшбекұлымен естелік суретке түсуімен аяқталды.

Гүлзинат ҚИБАТОВА

Суреттер «07 LIVE » каналынан алынды

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *