«Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы өтуде

2019 жылдың 15 қыркүйек-10 желтоқсан аралығында республика шеңберінде «Учаске» жедел алдын алу шарасы өткізіледі.

Шараның мақсаты –учаскелік полиция инспекторы мен халық арасындағы қарым-қатынасты нығайту, қылмыстың алдын алу, ұсақ құқық бұзушылыққа жол бермеу, ішкі істер органдарының профилактикалық қызметін күшейту, жақын және алыс шет елден келген азаматтарды білу, пәтерлерін заңсыз жалға бергендерді анықтау. Сонымен қатар полиция қызметінің ашықтығын жариялау, тұрғындардың полиция қызметіне сенімін арттыру көздейді.

Қазіргі таңда Орал қаласында  333 мың 263 адам тұрады. Тұрғындардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған «Учаске» іс-шарасы басталғалы бері бүгінгі күнге дейін көп пәтерлі үйдегі 14 743 жәйлі пәтер, 10 873 жеке сектордағы жер үйлер тексерілді. Қала аумағында жалға берілетін 1215 пәтердің 32-сі аталмыш іс-шара барысында анықталды. Тұрғындар тығыз орналасқан үй саны көп саяжайлар назарға алынып, 152 саяжай қоғамындағы 16 мың 789 саяжай үйлерінің 3443-і тексерілді. Бұл саяжайларда 6925 тұрғын мекендейді

Орал қаласының полиция басқармасына профилактикалық есепке қойылған 1085 тұлғаны учаскелік полиция инспекторлары  мекен-жайы бойынша тексеріп, ішкі істер органына 17 тұлғаны арнайы есепке қойды. 339 шет ел азаматы мекен-жайы бойынша және 1173 қару иелері тексерістен өтті.

Тұрғындар мен құқық қорғау қызметкерлері арасындағы байланыс үзілмейді. «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *