Анықтама беру тоқтатылады

Ішкі істер министрлігі азаматтардың тіркеу туралы мәліметтерін электронды форматқа көшіреді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

 Азаматтарды тіркеу туралы мәліметтерді беру мемлекеттік қызметтер арасында жиі сұралады. Жыл сайын халық құжаттарды, жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да қызметтерді алу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 10 миллионнан аса мекенжай анықтамаларын алады. Жұмысқа, мектептерге, балабақшаларға, емханаларға, банктерге орналасу кезінде азаматтар ХҚКО-ға, мемлекеттік органдарға тұрақты түрде жүгіну арқылы кезекте тұрып, уақыт жоғалтады.

«ІІМ өз деректер базасын басқа мемлекеттік органдармен біріктірді, бұл халыққа мемлекеттік қызмет көрсету механизімін жеңілдетті. Енді мекенжай анықтамаларын беру толығымен алынып тасталады, себебі бұл деректер барлық мемлекеттік органдардың базасында бар. Мемлекеттік қызметтерді алу уақытын қысқарту және қағазбастылыққа жол бермеу мақсатында мекенжай анықтамасы енді сұралмайды», — деп хабарлады ведомстводан. 

Министрлік өкілдері, қазіргі уақытта нормативтік-құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізіліп жатқанын айтқан.

«Сонымен қатар, азаматтардың өздері тіркеу мекенжайы туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетінде тексере алады. Тұрғын үй иелері сондай-ақ, портал немесе «электрондық үкіметтің» мобильдік қосымшасы арқылы оларда тіркелген тұлғалар туралы мәліметтерді тексере алады. Мекенжай анықтамаларын беруді жою арқылы — артық қағаз құжат айналымын қысқарту және азаматтарға анықтама алу үшін ХҚКО-ға жүгіну қажеттілігі жойылады.  Сонымен қатар, ІІМ азаматтарды тіркеуге байланысты басқа да бірқатар мемлекеттік қызметтерді жеңілдетіп, оңтайландырды», — делінген хабарламада.

BAQ.KZ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *