Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде – жаңа басшы

Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына Серік Қайрлиев тағайындалды деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

ҚР Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы және меритократия қағидаттарын жүзеге асыру аясында конкурстық комиссияның шешімімен жаңа қызметке тағайындалған Серік Ерболатұлы 1986 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қурайлысай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Өнер» факультетін бітірген. 2017 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің артисі болып бастаған.

Әр жылдары Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қалалық мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК-нің «Алау» балалар аула клубының үйірме жетекшісі, «Жастар мәдениет үй» МКҚК-нің «Оралым» фольклорлық ансамблінің артисі, «Қалалық мәдени–ағарту бірлістігі» МКҚК-нің көркемдік жетекшісі, «Жастар мәдениет үй» МКҚК филиалы «Салтанат үйінің» көркемдік жетекшісі, «Қалалық мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК-нің директоры болып қызмет етті.

Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін «Жастар мәдениет үйі» МКҚК-нің директоры қызметін атқарды.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *