Батыс Қазақстанда салықтан жалтару фактілері анықталды

 БҚО Бәйтерек ауданы прокуратурасымен жер заңнамасының сақталуына талдау кезінде жерді сатудан түскен табыстан салық төлеуді жалтарған фактілер анықталды деп хабарлайды облыс прокуратурасы.

  Мысалы, жеке кәсіпкер «Д»  2015-2018 жылдары жеке үй салуға арналған жер телімдерін сатып, 13 млн. теңгенің салығын төлемеген.  Дәл осылай «М» атты ұйым да барлығы 2 млн. теңге болатын салықты бюджетке төлемей келген.

  Прокуратураның ұсынуымен аталған тұлғалар ӘҚБтК-нің 272-бабы 1-бөлігі (салықтық есептілікті айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау) және 278-бабы 1-бөлігімен (салықтарды кемiтiп көрсету) кінәлі деп танылып, оларға ескерту және 600 мың теңге айыппұл салынған.

  Тек шара қолданған соң ғана «М» компаниясының басшысы берешек салығын толық төлепті.

Ал кәсіпкер «Д» сотта Мемлекеттік кірістер департаментінің қосымша салық салу туралы ұйғарымына шағымданған.  Ағымдағы жылдың 6 маусымында БҚО МАЭС-тың шешімімен 2015 жыл үшін 4,1 млн. теңге табыс салығын салған ұйғарымның күші жойылды. 13 тамызда облыстық соттың апелляциялық алқасымен талапкердің арызын қанағаттандырмау туралы жаңа шешім шығарылды.  Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер басқармасымен Салық кодексінің 121-бабы негізінде 13 млн. теңгенің салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қабылдануда.

«bko.prokuror.gov.kz» сайтынан

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *