Үздік полиция инспекторы анықталды

Бүгін қаламызда ел тыныштығын қорғау жолында табанды еңбек еткен үздік учаскелік полиция инспекторы анықталды.

Биыл дәстүрлі түрде өткізілетін «Үздік учаскелік полиция инспекторы – 2019» байқауын Орал қалалық ішкі саясат бөлімі мен қалалық полиция қызметі басқармасы жергілікті полиция қызметінің қолдауымен «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Шарада қиыны мен қызығы қатар жүретін жауапты мамандық иелерінің еңбектері бағаланды.

Алғашқы болып сөз алған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ербол Көшеков тәртіп  сақшыларының қызметіне толағай табыс пен үлкен жауаптылық тіледі.

Ел тыныштығын күзетіп, абыройлы қызмет атқарған Орал қалалық №1 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы Нұрбек Мансұров байқаудың жеңімпазы атанды. Ал №18 учаскелік полиция пунктінің инспекторы Асылан Ныкбаев жүлделі екінші орынға қол жеткізсе, №13 учаскелік полиция пунктінің полиция инспекторы Талғат Утешов үшінші орынға лайық деп танылды. Сондай-ақ шарада қызметтік міндеттерін адал әрі мінсіз орындаған полиция қызметкерлері алғыс хатқа ие болды.

 № 1 Учаскелік полиция пунктінде қызмет атқарғаныма жиырма жылдан астам уақыт болды. Қызметкерлер арнасынан мені үздік деп танығандарына қуаныштымын. Елімізге адал қызмет атқару – басты борышым, — дейді байқауда үздік деп танылған Нұрбек Мансұров.

Гүлзинат ҚИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *