Илья Ильин әлем чемпионатына жолдама алды

2019 жылы 16 қыркүйек күні Тайландтың Паттая қаласында ауыр атлетикадан 85-әлем чемпионаты басталады.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдер арасындағы бәсекеге Қазақстанның атынан екі спортшы қатысады. Олар: Зүлфия Чиншанло (55 келіге дейін) және Екатерина Быкова (71 келіге дейін).

Қазақстан ерлер командасының тізімі төмендегідей:  Арли Чонтей және Игорь Сон (55 келіге дейін), Нижат Рахимов, Айдар Қазов (81 келіге дейін), Денис Уланов (89 келіге дейін),  Илья Ильин (96 келіге дейін),  Ибрагим Берсанов (109 келіге дейін).

Айта кетейік, Паттаяда өтетін әлем чемпионаты Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің санатына жатады. Чемпионат 27 қыркүйек күні аяқталмақ.

Еліміздің намысын қорғайтын спортшыларымызға жанкүйер болайық!

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *