Аш аюлар зираттарды аралап жүр

«Ресейдің Комсомольск-на-Амур елді мекенінде аш аю моланы қазып, мәйітті орманға сүйретіп әкетті» деген жазба жариялады Komcity.ru сайты.

Хабарламада түнде жыртқыш аң Старт поселогының ауданындағы қалалық зиратқа кірген. Жаңа жерленген мәйіттердің бірін қазып алып, орман жаққа сүйретіп кеткен көрінееді.. Оқиға орнында тек жыртылған киімдер ғана қалды, — делінген.

Сайттың мәліметіне сүйенсек,аю әкеткен мәйіт сол бойы табылмаған.

Мұндай оқиғалар легі бұрында қайталанған көрінеді,  жыртқыш аюлар зиратқа бұрын да келіп жүрген. Алайда, оларға моланы қазуға мүмкіндік бермей, қуып жіберіп отырған.

Айта кетейік, Ресейде гималай аюлары Якутия жане Хабаровск өлкесінің оңтүстігінде кездеседі. Қоңыр аюларға қарағанда екі есе кішкентай аңның кеудесі ақ, ал тері жабыны қара болады. Гималай аюының аузында қорғануға және тамақ табуға арналған 42 тіс болады екен.

Осыдан бір жыл бұрын Камчаткадағы Елизово қаласының зиратына аюлар кіріп кетіп, моладағы кірестерді сындырып, бірнеше моланы қазып тастағаны хабарланды. Аңшылықпен айналысатын мамандардың айтуынша, зират маңында кем дегенде 3 жабайы аң болған.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *