Оралда 63 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталған

Батыс Қазақстан облысында қылмыстың алдын алу және жедел жағдайды тұрақтандыру бойынша ішкі істер органдарының профилактикалық қызметін күшейтіп, бұрын сотталған адамдар тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2019 жылғы 7-13 тамыз аралығында облыс аумағында «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалатын және рецидивті қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру, «Тұрмыс» іс-шарасы ішкі істер органы тарапынан профилактикалық есепке алуға жататын адамдарды анықтап, есепке алу, есепте тұрған маскүнемдер, нашақорлар, отбасы бұзақылары, шартты сотталғандар, бұрын сотталғандарды тексеру, олармен жеке-профилактикалық жұмыстар жүргізу, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шығып, ІІО-ның есебіне тұрмай жүрген адамдарды анықтап, есепке алу, олардың өмір салтына бақылау жасауды қамтамасыз ету, есепте тұрғандардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу сынды мақсаттарды қамтыды.

Аталмыш іс-шара басталғанша 2019 жылдың жеті айында басқармаға келіп түскен өтініштер тексеріліп, 63 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталды. Осынау 63 арыз иесі басқармаға шақырылып, жауапты қызметкерлер  кеңестер берді.    Шара аясында  анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы тоқталсақ, ҚР ӘҚБтК-тің 73-інші бабымен, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты 63 тұлға тіркелді, 442-баппен, яғни,  кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуымен 16 азаматқа хаттама толтырылды. 440-бапқа сай, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келумен 62 тұлға белгілі болды.  Кодекстің 461-бабына сай 4 тұлға  қорғау нұсқамасын бұзды.

«Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы барысында  жауапты тәртіп сақшылары құқық бұзушылыққа бейім адамдармен профилактикалық әңгімелесулер өткізіп, дәрістік іс-шаралар жүргізді.  Тұрғылықты жері бойынша 216 қолайсыз отбасы, 356 нашақор, 472 алкоголь ішімдігіне  бейім азаматтар тексерілді.

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *