Ақ Жайық жұрты спорт саңлағын еске алуда

Бүгін Орал қаласында Әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері, Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген спорт шебері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған самбо күресінен және әскери самбодан ерлер арасында халықаралық турнирі басталды.

 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған спорттық шара даңқты палуан, жерлесіміз Асқар Шайхиевті еске алуға арналды.

Байрақты бәсекеде  Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен өңір спортшылары, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Армения және Грузиядан келген палуандар  бақ сынаспақ. Дүбірлі додаға 180-ге жуық спортшы қатысуда.

Спорт жарысы 12-15 тамыз күндері аралығында Орал қаласындағы Теннис орталығында өтеді.

Боз кілемдегі белдесуде топ жарған жеңімпаз темір тұлпарды тізгіндейді.

«PULS» ақпарат

Сурет дереккөзден алынды

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *