Оралдық прокурор турнирде үздік атанды

Жуырда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай прокуратура органдарының қызметкерлері арасында өткен шағын футбол турнирінде БҚО прокуроры Асылбек Иманғалиев «Үздік қорғаушы» атағын жеңіп алды, – деп хабарлайды БҚО прокуротурасының ресми сайты.

«Қоныс» спорт сарайында батыс өңірінің прокуратураларының құрама командалары 23-24 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін финалдық турнирге қатысу құқығын жеңіп алу үшін бақ сынасқан.

Нәтижесінде Маңғыстау облысының прокуратурасының құрамасы 1:0 есебімен Ақтөбе облысының командасын ұтып, жеңімпаз атанған.

Дауыс беру нәтижесінде Аслан Досымбаев (Атырау) — «Үздік шабуылшы», Асылбек Иманғалиев (БҚО) — «Үздік қорғаушы», Ержан   Байгулов (Маңғыстау)  «Үздік қақпашы» болып танылған.

Бұған дейін, 2012 және 2016 жылдары БҚО прокуратурасының құрамасы шағын футболдан ведомстволық турнирді екі рет жеңіп алған екен.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *