Жастар күніндегі таңғы көңіл-күй

12 тамыз дүниежүзілік жастар күніне орай жас ұрпақты париоттық сезімге тәрбиелеуге бағылтталған акция өтті.

Акцияның қолға алған мақсаты – жастарды патриоттыққа тәрбиелеумен қатар, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ұрпақтар сабақтастығын жаңғырту.

Жастар акциясы барысында самбодан КСРО спорт шебері, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ардагер ұстаз Қамеш Исмағұлов қатысуымен «Jas Otan» ЖҚ белсенділері және «Jasyl el» еңбек жасақтары таңғы жаттығу өткізді. Аға буын жас ұрпақты мерекемен құттықтап, спортты жанға серік етуге шақырды. «Jas Otan» ЖҚ БҚОФ өз кезегінде белсенді еріктілерді мерекелік марапаттарымен қуантты.

Ерлік  Шамғалиев,

«Jas Otan» ЖҚ БҚОФ төраға орынбасары

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *