Бүлдіршіндер жол ережелерімен танысты

Бүгін қаламызда Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ШЕЛЛ, ЭНИ концерндері,  EASST ағылшын қайырымдылық ұйымы және оның өңірлік серіктесі «Гауһар жол» қоғамдық бірлестігі балалардың жол қауіпсіздігіне арналған акция ұйымдастырды.

Акция балаларды  жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру, көлік апатының алдын алу мен  жүргізушілерді жол қауіпсіздігін қатаң қадағалауға шақыруды көздейді.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының жиілеу себебі –көшелерде жаяу жүргіншілер жолағының сирек орналастырылуына байланысты. Жылдамдықты асыру апат қаупін арттырып қана қоймай, барлық жол пайдаланушыларына, соның ішінде балаларға зиян тигізеді. Осыны көлік жүргізушілері ескере отырып, балалар өткелдерін көргенде жылдамдықты бәсеңдетуі тиіс. Жол ережесін сақтау жүргіншінің 90 пайыз аман қалуына кепілдік береді. Сондықтан жылдамдықты азайтып, өзің мен өзгенің өміріне қауіп төндірмеу – маңызды мәселе.

«Батыс Қазақстан облысының қауіпсіз жолдары» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан шараға қалалық №19 «Золотой петушок» балабақшасының бүлдіршіндері мен тәрбиешілері, ата-аналар, жол-патрульдік полиция қызметкерлері және еріктілер қатысты.

– Бүгінгі өткен  шараның маңызы зор. Жол ережелерін сақтап, оқыс оқиғаның алдын алу арқылы адам қауіпсіздігін сақтаймыз. Соның ішінде, балалар қауіпсіздігі баса назарда болған жөн. Акция тамыз бойы жалғасады, – деді «EASST» қауіпсіз және тұрақты көлік үшін Шығыс Альянсының Орталық Азия бойынша халықаралық сарапшысы Сергей Дякону.

Темір Масин көшесінде орналасқан аталмыш бөбекжай аумағында өткен шара барысында полиция қызметкері көше бойынан өткен көліктерді тоқтатып, автомобиль жүргізушілеріне ұйымдастырушылар Сергей Дякону мен Татьяна Михайлова түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал еріктілер балабақша тәрбеленушілерін  жол белгілерімен таныстырып, тақырып төңірегінде флешмоб биледі.

Жол қауіпсіздігінің алдын алуға бағытталған акцияға бүлдіршіндердің тәрбиешілері де белсене атсалысты. Аталмыш тақырыптағы шаралар үнемі балабақшада өтіп тұрады екен.

– Біздің балабақшамыз жолға жақын жерде орналасқан. Сондықтан, балалардың жол қауіпсіздігіне аса мән береміз. Осы аймаққа жаяу жүргіншілер жолы салынса, құптарлық іс болар еді, – деді өз ұсынысын жеткізген балабақша әдіскері Әлия Өтегенқызы.

Гүлзинат ҚИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *