ФУТБОЛ ЛИГАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Биыл екінші жыл қатарынан  ұйымдастырылған «JASTAR» футбол лигасы өз мәресіне жетті.

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткізілген спорттық шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, облысымызда футболмен айналысатын жастардың санын арттыру.

Бұл жылы лигада жиырма команда, 200–ден астам жастар ойын көрсетті. Былғары доп жарысына қала жастарынан бөлек, ауыл жастары, есту-сөйлеу қабілеті нашар мүгедектер, әлем чемпиондары қатысты. Айта өтейік, лиганың алғашқы ойындары 18 мамыр күні бастау алған болатын.

3 тамыз күні аталмыш спорт жарысының финалдық ойындары өтіп, жеңімпаздар анықталды.  Екі айдан астам уақытқа созылған турнирде қарсыластарына дес бермеген  МФК «ЖАСЫЛ ЕЛ» командасы лига чемпион атанды. Жүлделі екінші орынды «Ақсай мешіті»  командасы иеленсе, үшінші орынға «УАРМ»  командасы лайық деп танылды.

Бүгінгі күнге дейін ойындар Юность стадионында облыстық спорт басқармасының қолдауымен өткізілді. Лига ойындарына БҚО футзал ассоциациямен бекітілген тәжірибелі төрешілер қазылық етті.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *